Крокус Сити холлдағы теракт: 15 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Крокус Сити холдағы теракт: 15 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін / Фото: Shutterstock

Мәскеуде 2024 жылдың 22 наурызында болған «Крокус Сити холл» концерт залында террорлық акт бойынша сот процесі жүріп жатыр. Мәскеудің Батыс аудандық әскери сотта тараптардың іс бойынша жарыссөзі жабық режимде өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Сотталушылар орындығында 19 адам бар, олардың 13-і тікелей терроризм үшін айыпталуда, қалғандарына террористік әрекетке жәрдемдескені үшін айып тағылды.

«Ағайынды Исламовтар мен олардың әкесі және Әлішер Қасымовтан басқаның барлығына өмір бойына бас бостандығынан айыру сұралды», – деді агенттіктің сұхбатшысы.

Мәскеу маңындағы «Крокус Сити холлда» 2024 жылдың 22 наурызында аса ірі теракт болды. Қарулы адамдар «Пикник» тобының концертіне келген көрермендерге оқ жаудырды. 149 адам қаза тапты, бір адам хабар-ошарсыз кетті, 609 адам жарақат алды. Келтірілген залал шамамен 6 миллиард рубльді құрады.

Айыпталған азаматтарға қатысты толығырақ мына сілтемеден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз