Жаңалықтар

Қазақстан жанармайдың қымбаттау қарқыны бойынша көрші елдерді шаң қаптырды

Қазақстанда жанармай бір жылда 17 пайызға қымбаттады / Фото: shutterstock

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) аясында бензин бағасы қымбаттауы жағынан бірінші орынға шықты.

Евразиялық экономикалық комиссияның статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, елдегі жанармай құны бір жылда 15,7%-ға қымбаттаған.

Баға өсімі бойынша Қазақстаннан кейінгі орынға Қырғызстан (+15,1%) мен Ресей (+10,8%) жайғасса, Арменияда, керісінше, бағаның аздап төмендеуі (-0,8%) байқалған.

Дегенмен бағаның мұндай қарқынмен өсуіне қарамастан, Қазақстан бензині одақ ішіндегі ең арзан жанармай болып тұр.

Бір литріне орташа есеппен 0,46 доллар құрайтын баға – көршілес елдермен салыстырғанда екі есе, ал Армениямен салыстырғанда үш есе төмен көрсеткіш.

2025 жылғы 16 қазанда Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілгені хабарланған болатын.