
Қазақстан спортшыларының 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы 16 ақпанға арналған жарыс кестесі белгілі болды. Туризм және спорт министрлігі отандастарымыздың жарыс бағдарламасын жариялады.
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан дүбірлі дода аясында бұл күн қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше тартысты болмақ.
Бағдарламаның басты бәсекелерінің бірі – ерлер арасындағы тау шаңғысы жарысы. Бұл сайыста Қазақстан намысын Ростислав Хохлов қорғайды. Жарыс Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Одан кейін, сағат 15:18-де шорт-тректен 500 метр қашықтықтағы іріктеу жарыстары өтеді. Бұл сында ел намысын Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев қорғайды.
Ал кешкі бағдарламада трамплиннен шаңғымен секіруден командалық турнир. Жарыс Астана уақытымен 23:00-де басталады. Қазақстан құрамасы сапында Илья Мизерных пен Данил Васильев өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, Қазақстан қоржынында бір алтын медаль бар. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров олимпиада чемпионы атанды.