Lifestyle

Ораза кезінде кальян шегуге бола ма

Возможную легализацию кальянов продолжают обсуждать в правительстве Казахстана
фото: shutterstock

Қорқор (кальян) шегу кей ортада зияны аздау әдет ретінде қабылданғанымен, дәрігерлер оның денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіретінін ескертеді. Мамандардың зерттеуінше, кальян түтіні өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке шалдығу қаупін арттыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген талдауларға сәйкес, кальян түтінінің құрамында кәдімгі темекідегі сияқты шайыр, ауыр металдар және көміртек тотығы болады. Ал түтікшенің ішіндегі су никотиннің өте аз бөлігін ғана ұстап қалады. Мамандардың айтуынша, бір сағат кальян шегу шамамен жүз тал темекі шеккенмен тең болуы мүмкін.

Қорқор түтінінің құрамында:

  • көміртек оксиді (СО) – түссіз әрі иіссіз, бірақ улы газ, адамды тұншықтыру қаупі бар;
  • никотин – күшті у, аз мөлшерде жүйке жүйесіне әсер етеді, ал шамадан тыс қолдану жүрек пен тыныс алу қызметін әлсіретуі мүмкін.

Никотинді ұзақ уақыт қабылдау адамды тәуелділікке, яғни никотинизмге әкеледі.

Исламда зиянды әдеттерге көзқарас

Ислам діні адамның денсаулығын сақтауға ерекше мән береді. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде де адамға зиян келтіретін істерден аулақ болу керектігі айтылған.

Дін ғалымдарының көпшілігі денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерді құптамайды. Сол себепті кальян да, темекі де адам ағзасына зиян болғандықтан, олардан бас тарту ұсынылады.

Ораза кезінде қорқор шегуге бола ма

Қорқор шегу – түтінді ішке тарту арқылы ағзаға заттың түсуі. Сондықтан ол оразаны бұзады. Бұдан бөлек, оразаның мәні тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, зиянды әдеттерден де арылуға мүмкіндік алу.

Сондықтан Рамазан айы қорқор (кальян) мен темекіден біржола бас тартуға жақсы мүмкіндік саналады.

Еске сала кетейік, биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 19 ақпан күні басталады. Ауызашар мен сәресі уақытын мына жерден көре аласыз.

Бұған дейін, ауызашарға құрманы қалай таңдау керектігін жазған едік.