Жаңалықтар

Путиннің Қазақстанға қай уақытта келетіні мәлім болды

Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан мен Ресей президенттері / фото: Ақорда

Ресей президенті Владимир Путиннің биыл Қазақстанға шамамен қай уақытта келетіні мәлім болды. Бұл туралы көрші елдің баспасөзі жазды.

Мәскеу мен Астана Путиннің 2026 жылғы Қазақстанға сапары қай уақытта өтетінін талқылап жатыр. Бұл туралы Ресейдің Астанадағы елшісі Алексей Бородавкин хабарлады. Оның айтуынша, Путиннің Қазақстанға сапары мамыр айында өтеді.

«Жыл сайынғы осындай сапарлар дағдыға айналды. Қазір сапар күні мен келіссөздер мазмұнын анықтап жатырмыз», – дейді Бородавкин ТАСС агенттігіне.

Елшінің мәлімдеуінше, Путиннің Қазақстанға сапары екі ел қарым-қатынасы тарихындағы «ең жарқын беттерінің біріне айналады».

2026 жылғы мамырдың аяғында Астанада Еуразия экономикалық кеңесі Жоғары жиынының отырысы өтеді. Оған мемлекет басшылары да қатысады. Путин дәл осы жиынға келуі керек.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы рет Мәскеуге 2025 жылғы қарашада барған. Ал Владимир Путиннің Қазақстанға соңғы сапары 2024 жылғы қарашада өткен. Сол кезде Астана Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының саммитін қабылдаған.