Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерге жаппай тексеру жүргізеді

армия, вооруженные силы Казахстана
Shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізбек.

«Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар көбейеді. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін», – деп ескертеді Қорғаныс министрлігі.

Министрлік ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Айта кетейік, жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдаған еді.