
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру тәртібін өзгертті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі хабарлады.
Енді кесене аумағы қоршалып, аумаққа арнайы қойылған турникеттер арқылы ғана кіретін болды. Бұл тәртіп кешеден бастап күшіне енген.
«Бұл аса маңызды істің мақсаты – бүкіл түркі әлемінің рухани ордасы, мемлекетіміздің мақтанышы, ұлт руханиятының ұстыны саналатын киелі кесененің сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру және террористік сипаттағы ықтималды төмендету, сонымен қатар, келушілер қозғалысын реттеп, аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейту» делінген ресми хабарламада.
Кесене аумағына кірушілер билет сатып алады. Құжаттарын көрсетіп, қауіпсіздік құралдарымен тексерілген соң ғана кесене аумағына өтеді.
Бұдан бұрын, ылғал тартқан кесененің жай-күйі туралы жазған едік.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2024 жылы мемлекеттің қорғауына алынған.