Жаңалықтар

«Қуаныш пен өкініш қатар келген»: америкалық жанкүйер Шайдоровтың жеңісі туралы

Шайдоров пен Малинин / фото: ҰОК Сали Сабиров

Қысқы Олимпиада ойындары Милан Кортина-д’Ампеццо 2026 барысында жанкүйерлер ерекше эмоцияға толы сәттерді бастан өткеріп жатыр. Димаш Құдайбергеннің Жуди есімді америкалық жанкүйері Шайдоровтың жеңісі туралы өз әсерімен Kursiv.Media тілшісіне айтып берді.

Жуди бір жарыстың жанкүйерге бір мезетте әрі қуаныш, әрі өкініш сыйлай алатынын айтады. Биылғы дода да дәл сондай сезім қалдырған.

Көптеген америкалық жанкүйер секілді ол да мәнерлеп сырғанауда өз кумирі Илья Малинин жеңіске жетеді деп күткен. Алайда күтпеген қателік жарыстың тағдырын өзгертіп, алтын медаль басқа спортшыға бұйырды.

Ал дәл сол сәтте мұз айдынына Димаш Құдайбергеннің әнімен шыққан жас спортшының жеңіске жетуі жанкүйердің көңіліне басқа бір қуаныш сыйлаған. Сондықтан, оның айтуынша, жүректе қуаныш пен өкініш қатар орын алған.

«Бір жағынан өзім жанкүйер болып жүрген спортшының жеңілісі көңіліме қаяу түсірді. Ал екінші жағынан, сүйікті әншімнің әнімен өнер көрсеткен спортшының жеңісі ерекше жылылық сыйлады. Осындай сәтте адам не қуанарын, не мұңаярын білмей қалады екен», – дейді ол.

Еске сала кетейік, 14 ақпан күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қысқы олимпиада ойындарында алтын медаль алған еді. Артынша, өз әнің таңдағаны үшін Димаш Құдайберген спортшыға көлік сыйлатынын айтты.