Жаңалықтар

Ораза Еуропада: Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді

фото: коллаж Kursiv Media

Лондон орталығындағы әйгілі Ковентри көшесі Рамазан айына орай безендірілді. Көшеге жүздеген шыны шарлар мен «Happy Ramadan» деген жазу ілінген.

Салтанатты жарықты қосу рәсіміне Лондон мэрі Садик Хан қатысты. Ол қор өкілі Рахима Азизбен бірге мерекелік безендіруге ресми түрде старт берді. Мэрдің айтуынша, төрт жыл бұрын Лондон батыс әлеміндегі Рамазан құрметіне орталық көшесін шамдармен безендірілген алғашқы қала болды. Бұл ай мұсылмандарды ғана емес, христиандарды, иудейлерді, буддистерді, сикхтарды және ешбір дінге жатпайтын адамдарды да біріктіреді деп атап өтті Садик Хан.

Жоба «Азиз» қорының бастамасымен және Лондон муниципалитетімен бірлесіп жүзеге асырылды. Биыл көшеге геометриялық жарық өрнектері орнатылып, жаяу жүргіншілердің үстінен «Рамазан құтты болсын!» деген жазуы бар инсталляция жарқырады.

Лондон, Рамазан мерекесі
фото: АА

Безендіру үшін 31 мың диодты шам пайдаланылды. Олар кешкі 17:0001:00 аралығында 19 наурызға дейін жанып тұрады.

Осы жылы мұсылмандар Ораза 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Өз қалаңыздағы Ораза кестесін мына жерден көре аласыз.

Биыл пітір садақа  735 теңге болып бекітілді.