Трамп Израильдің Иранға жасайтын соққыларын қолдауға дайын екенін мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп бұл ұстанымын желтоқсан айында Флоридадағы кездесуде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жеткізген / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Трамп бұл ұстанымын желтоқсан айында Флоридадағы кездесуде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жеткізген / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль тарапынан Иранға қарсы соққыларын қолдауға дайын екенін мәлімдеген.

CBS News ақпаратынша, Иранмен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда,  АҚШ Тель-Авивтің баллистикалық зымыран бағдарламасына қарсы соққыларын қуаттамақ.

Телеарнаның мәліметінше, Трамп бұл ұстанымын желтоқсан айында Флоридадағы кездесуде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жеткізген. Егер АҚШ пен Иран арасында келісім жасалмаса, Вашингтон Израильдің әскери әрекеттерін қолдауы мүмкін екені айтылған.

Израиль премьері дипломатиялық келіссөздерге күмәнмен қарайтынын бірнеше рет айтқан. Оның пікірінше, ықтимал келісім тек Израильдің емес, бүкіл әлемнің қауіпсіздігін ескеретін талаптарды қамтуы тиіс.

Айта кетейік, ақпан айының басында Оман аумағында өткен АҚШ пен Иран өкілдерінің келіссөзінде тараптар диалогты жалғастыруға келіскен. Алайда тараптардың талқылайтын мәселелері әртүрлі: Вашингтон зымыран бағдарламасы мен Тегеранның аймақтағы әрекеттерін көтерсе, Иран тек ядролық тақырыпты талқылауға дайын екенін мәлімдеген. Сонымен қатар, соңғы уақытта Иран маңында АҚШ әскери күштерінің шоғырлануы байқалып отыр.

Мұның алдында Израиль Иранға қарсы соққы беру ниетін жариялаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз