Жаңалықтар

ҰҚК Нұрлан Сабуровты тексереді

Нұрлан Сабуров әскер
ҰҚК әзілкешті тексереді/Фото: Maksim Konstantinov / Global Look Press

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың әрекетін тексереді, деп хабарлайды KursivMedia.

«Ақпарат назарға алынып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады комитет.

Алайда ҰҚК Сабуровтың қай әрекетін тексеріп жатқанын нақтыламады.

Бұған дейін Ресей билігі әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресей аумағына 50 жылға дейін кіруіне тыйым салды.

Содан кейін әзілкештің Ресей әскеріне материалдық көмек көрсеткені туралы ақпарат тарады. Ресей басылымдары дерегінше, ол «Барлығы жеңіс үшін» қорына қаржылай көмек берген. Кейін әлеуметтік желілерде өнерпаздың «Вагнердің Истра легионы» атты бөлімшеге 10 мотоцикл сыйлаған видеосы тарады.

Бұған Украина заңгерлері де назар аударған. Заңгер Евгений Прониннің хабарлауынша, Украинада Сабуровқа қылмыстық іс қозғалды.