Жүргізушісіз робот таксилер жолда 9 есе қауіпті болып шықты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

Tesla компаниясының жүргізушісіз технологиялары қауіпсіздік мәселесінде әзірге адам жүргізушілермен бәсекелесе алмайды. National Highway Traffic Safety Administration (NHTSA) Остин қаласындағы жол-көлік оқиғалары статистикасын талдау барысында осындай қортындыға келді.

Деректерге сәйкес, роботаксилер жүргізушімен салыстырғанда жол апаттарына әлдеқайда жиі ұшырайды.

Апатқа дейінгі жүріс қашықтығын салыстыру

Апатсыз жүріс көрсеткіштеріндегі айырмашылық айтарлықтай үлкен. Реттеуші органның есебіне сәйкес:

  • Tesla роботаксиі – орта есеппен әр 88 500 шақырым сайын жол-көлік оқиғасына түседі.
  • Қарапайым жүргізуші – шамамен 800 000 шақырымды апатсыз еңсереді.

Осылайша, қазіргі кезеңде жасанды интеллект қатысатын оқиғаның ықтималдығы шамамен 9 есе жоғары.

Бақылау көмектеспеді

Есепте пайдалану шарттарына ерекше назар аударылған. Остинде жүргізілген сынақ сапарлары толық автономды режимде болмаған, яңни алдыңғы жолаушы орнында үнемі оператор отырған.

Маман жолды бақылап, қажет болса басқаруды бірден өз қолына алуға дайын отырған. Бірақ осындай сақтандырушы жүргізуші болғанның өзінде жүйенің қауіпсіздік деңгейі адам жүргізушінің көрсеткішіне жете алмады.

Бұл нені білдіреді

Бұл деректер технологияның адам қатысуынсыз жаппай қолдануға әлі дайын еместігін аңғартады. Егер оператор бақылап отырғанның өзінде жүйе әр 88 мың шақырым сайын апатқа ұшыраса, онда рульсіз және педальсыз толық автономды таксилерді жалпыға ортақ жолдарға шығару әзірге ерте әрі қауіпті шешім болып көрінеді.

Еске салайық, Алматыда 1 мамырға дейін жүргізушісіз такси қызметі іске қосылады. Бастапқы кезеңде желіге 50 жүргізушісіз автокөлік шығарылады. 

Сондай-ақ оқыңыз