
Қазақстан жолдарында алғашқы автономды автокөліктер сынақтан өтеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, қалалық мобильділікті дамыту жобалары аясында ел аумағындағы жолдарда алғашқы автономды көліктер іске қосылмақ.
Тестілеу Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы аумағында жүргізіледі. Логистика саласындағы инновацияларды енгізу тек қалыптасқан жол қозғалысын өзгертумен шектеліп қалмай, цифрлық экономиканың жаңа сегментін құруға мүмкіндік береді.
«Ұзақ мерзімде қарастырсақ бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады министрлік.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 1 мамырға дейін жүргізушісіз такси қызметі іске қосылатыны белгілі болды. Бастапқы кезеңде желіге 50 жүргізушісіз автокөлік шығарылады.
Дегенмен, жүргізушісіз робот таксилер жолда 9 есе қауіпті болып шықты.