
Алматыда жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу басталды. Бұл Наурызбай ауданынының тұрғындарына қатысты болмақ. 2026 жылғы 12 ақпандағы аудан әкімінің шешіміне сәйкес, Қалқаман шағын ауданында орналасқан жер учаскелері мәжбүрлі түрде алынады.
Жалпы алынып жатқан жер көлемі 1,4 гектардан асады. Бұл аумақ қалада емдеу-сауықтыру орталығын салу үшін қажет. Жерді сатып алу мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асады.
Жер иелері не алады
Жер иелеріне өтемақы төленеді. Жер учаскелері мен басқа жылжымайтын мүліктің құны нарықтық бағалау арқылы анықталады.
Алматыда мемлекеттік қажеттіліктер үшін жерді сатып алу «Қала жер орталығы» басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша жер иелері мына мекенжайға жүгінуге болады: Алматы, Төле би 155, 6-қабат.
Мәжбүрлі алу келесідей жер учаскелеріне қатысты:
- Қалқаман шағын ауданы, 4в учаскесі;
- Қалқаман шағын ауданы, 4/9 учаскесі;
- Қалқаман шағын ауданы, 4/10 учаскесі.
Еске салайық, Қалқаман метро бекеті ресми түрде метро желісіне қосылды. «Бауыржан Момышұлы» және «Қалқаман» бекеттерінің арасындағы 1593 метр болатын тоннельді қазу жұмысы аяқталды.