
Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан ақын Жүрсін Ерманды үйіне іздеп барып, 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы желіде Айнұр Тұрсынбаева жазды.
«Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды», – деп жазды Тұрсынбаева.
Тұрсынбаеваның жазуынша, Жүрсін Ерман олардың жақында өткен «Қазақи шоу» айтыстарына жоғары баға берген.
Айтыскер ақындар ұстаздарына мен оның жарына шапан жауып, сыйлықтарын табыстап, жылы лебіздерін білдірген.
Айта кетейік, жақында болған Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханның «Қазақи шоу» айтысында Жүрсін Ерман туралы сөз қозғалған. Имашев оған арнап ән айтып, онымен әлі де тіл табыса алмағанын сөз еткен.