Алматы қаласында жер сілкінді (карта)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
сейсмограф жер сілкінісі сілкінді
фото: shutterstock

17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де жер сілкінді. Оны Алматы қаласының тұрғындары да сезді. Дүмпу ошағы Есік қаласына жақын орналасқан. Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісі магнитудасын 5 балл деп бағалады.

Дүмпу туралы мәлімет

Қазақстандағы сейсмикалық станциялар жер сілкінгенін анықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дүмпу ошағы Қазақстан аумағында – Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісін Алматы және Жетісу облысының тұрғындары сезді. Алматы қаласында 2 балл, Есік қаласында 4 балл, ал Талғар қаласында 3 балл болды.

жер сілкінісі ошағы карта гугл
Дүмпу ошағы Түрген мен Тескенсу аралығында орналасқан / фото: Google map

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын – 16 ақпанда түсте Қытай аумағында қуаты 5,3 балдық жер сілкінісі болған. Бірақ оның әсері Алматыда сезіле қоймаған.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

  • Дүмпу кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген уақытта лифтіге мінбеңіз, баспалдақпен жүрмеңіз;
  • Жиhаздан, терезеден мейлінше алшақ тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз – жоғары қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттар тұрсаңыз); көп қабатты үйлерде дүмпу аяқталған соң ғана ғимараттан шығыңыз;
  • Мүмкіндік болса, үйден шығардан бұрын суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Дабыл дорбасын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерінен, ғимараттан, ағаштардан аулақ жүріңіз;
  • Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз. 
Сондай-ақ оқыңыз