Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылады
Жарияланды

Қатты тұман салдарынан Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер енгізіліп, автокөліктің барлық түрлеріне жол жабылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Қандай учаскелерде шектеулер енгізілді:
Ақмола облысы:
- Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы;
- Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы;
- Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы;
- Щучинск қаласы – Зеренді ауылы;
- Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы;
- Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті;
- Ақсай кенті – Бұзылық кенті.
Қостанай облысы:
- Ұзынкөл кенті – СҚОшекарасы;
- Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы;
- Сарыкөл кенті – СҚО шекарасы;
- Әулиекөл ауылы – Ақмола облысының шекарасы.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- Ақмола облысының шекарасы – РФ шекарасы;
- Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы;
- Ақмола облысының шекарасы – Новоишимское ауылы;
- Рузаевка ауылы – Қостанай облысының шекарасы;
- Петропавл қаласы – Мамлют кенті.
Жол учаскелері 18 ақпанда сағат 9.00-де ашылады деп жоспарлануда.
Қазақстан ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде дауылды ескертулерді қадағалауды, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеруді, алыс қашықтықтарға, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында сапарлар бас тартуға шақырады.