Доллар 490 теңгеде бекіді

Жарияланды 17 Ақпан 2026 18:33

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
доллар
Доллар 490 теңгеде бекіді / Фото: Shutterstock

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 490,7 теңгеге дейін төмендеді (бір күнде -1,86 теңге).

Сауда-саттық барысында бір доллар үшін ең төменгі баға 17 ақпанда 488,55 теңгені, ең жоғары баға – 491,62 теңгені құрады, ал орташа алынған бағам 490,04 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі де едәуір үлкен болды – 355,3 млн доллар, бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 137,6 млн долларға артық.

Салыстыру үшін, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа өлшенген бағамы 16 ақпанда сағат 17:00-де 491,90 теңгені құрады.

Айта кетейік, сарапшылар теңгенің тым қатты әлсіреуіне жол бермейтін факторларды да атап өтті. Бұл – Ұлттық банктің қатаң ақша-кредит саясаты мен жоғары базалық мөлшерлеме.

Биыл жаз айларынан бастап негізгі мөлшерлеме төмендеп, валютаға деген сұраныс артуы мен мұнай бағасының құлдырауы аясында бағам аздап әлсірей бастауы мүмкін.

Мұнай бағасының әсерін доллардың жаһандық нарықтағы бәсеңдеуі және Қазақстан экономикасындағы мұнай секторы үлесінің біртіндеп азаюы теңестіріп отырмақ.

Сондай-ақ оқыңыз