Жаңалықтар

GOAT стиліндегі медиабаскет: фильм, спорт және Freedom Ticketon тоғысқан сәт

фото: Freedom Ticketon

Алматыда баскетболды, фильмді және креативті индустрия өкілдерін біріктірген медиабаскет өтті. Бұл іс-шара 2026 жылдың 12 ақпанынан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатқан «GOAT: Мечтай по-крупному» анимациялық фильмінің шығуына орай ұйымдастырылды.

Іс-шараның бас серіктесі – кино, концерт, театр және спорттық шараларға билеттер сатып алуға мүмкіндік беретін Freedom Ticketon сервисі. Турнир 15 ақпанда Jump Center алаңында өтті.

Freedom Ticketon компаниясының коммуникация  жөніндегі директоры Азамат Атагелдінің айтуынша, медиа-баскет фильмнің идеясымен және компанияның миссиясымен үндеседі:

«Медиа-баскет сияқты спорттық бастамаларға қатысу – біз үшін фильм дәріптейтін құндылықтардың: жүйелілік, жауапкершілік және командалық жұмыс арқылы дамудың қисынды жалғасы. Көрермендерді «GOAT: Мечтай по-крупному» мультфильмін тамашалауға және билеттерді Freedom SuperApp мобильді қосымшасындағы «Афиша» бөлімі арқылы сатып алуға шақырамыз. Бұл – бос уақытты жоспарлаудың ыңғайлы тәсілі. Біздің мақсатымыз – мәдениет, демалыс және цифрлық шешімдер бір экожүйеде жұмыс істейтін әрі бірін-бірі толықтыратын орта қалыптастыру».

Jump Қазақстан директоры Жомарт Асинканов елімізде баскетболға деген қызығушылық артып келе жатқанын айтады.

«Жалпы Қазақстанда баскетбол өте серпінді дамып келеді. Әзірге бізде NBA немесе Евролигада ойнайтын спортшылар жоқ, дегенмен қызығушылық жоғары, жаңа залдар салынуда. GOAT сияқты мультфильмдер бұл спортқа деген ынтаны одан ары арттыра түседі. Сондықтан Қазақстанда баскетболдың болашағы зор деп сенемін. Кеше мультфильмге балаларыммен бірге бардым. Өмір бойы баскетболмен айналысқандықтан, әрбір детальды түсініп, фильмнен үлкен әсер алып шықтым».

Музыкант Нұрбек Елемес (dudeontheguitar) де ойын туралы өз пікірін білдірді. Ол баскетболмен мектеп кезінен айналысатынын және бұл жай ғана спорт емес, сүйікті хоббиі екенін атап өтті.

«Осындай керемет мультфильм шығып жатқандықтан, шақыртуды бірден қабылдадым. Шынымды айтсам, басында қорықтым, себебі қарсыластар өте мықты болды. Командаммен бүгін ғана таныссам да, арамызда бір сиқыр пайда болып, финалға дейін жеттік. Екі ұпайлық соққылардың арқасында жеңіске жеттік, әлі де сене алмай тұрмын!»

Айта кетейік, «GOAT: Мечтай по-крупному» фильмі – ұлы спортшы болуды армандаған кішкентай теке туралы хикая. Кейіпкерлерді танымал қазақстандық блогерлер мен медиа тұлғалар дыбыстаған.

Билеттерді Freedom SuperApp қосымшасындағы «Афиша» бөлімінде тиімді бағамен сатып алып, 22%-ына дейін кэшбэк алуға болады.