1,7 трлн теңгеге азайды: қазақстандық бизнес банктегі қаржысын алып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Банктерде қанша депозит бар / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2026 жылдың қаңтар айында банктердегі депозит көлемі 1,8 трлн теңгеге қысқарып, жалпы көрсеткіш 46,2 трлн теңгені құрады. Депозиттен алынған 1,8 трлн теңгенің 17 трлн теңгесі – елдегі бизнеске тиесілі жинақ.

Экономист Руслан Сұлтанов бұл — желтоқсандағы рекордтық көрсеткіштерден кейін күтілген маусымдық құбылыс деп жазады.

Әдетте жыл соңында банктерде уақытша шоғырланатын қаражат қаңтар айында нарық айналымына қайта шығады.

Депозит нарығындағы жалпы қысқаруға қарамастан, жылдық динамика әлі де жоғары. 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда салымдар көлемі 14,3%-ға өскен.

Қазіргі таңда жинақтардың басым бөлігі, яғни 79,3%-ы ұлттық валютада сақталып отыр. Атап айтқанда, теңгедегі депозиттер 36,6 трлн теңгені, ал шетелдік валютадағы салымдар 9,5 трлн теңгені құрады.

Айта кетерлігі, қаңтардағы депозттердің азаюы негізінен корпоративтік секторға, яғни заңды тұлғаларға тиесілі. Компаниялардың қаражаты бір айда 7,6%-ға азайып, 20,2 трлн теңгеге дейін кеміді.

Ал халықтың жинақ қоры жоғары тұрақтылық танытты: тұрғындардың депозиттері небәрі 0,7%-ға ғана азайып, 26,0 трлн теңге деңгейінде қалды.

Бизнестің теңгедегі дее, валюталық та шоттары қысқарғаны байқалады. Ал халық арасында теңгелік жинақтар 1,3%-ға азайғанымен, валюталық депозиттер керісінше 1,9%-ға аздап өсті.

2025 жылы Қазақстанның банк секторында тұтынушылық несие беру қарқыны саябырлады. Ақшаның қымбаттауы, қатаң реттеуші талаптар мен салық жүктемесінің өсуі бөлшек несие нарығына тікелей әсер етіп, банктерді тәуекелге бармай, сақ қимылдауға мәжбүрледі

Сондай-ақ оқыңыз