Қайрат Сатыбалдының Франциядағы пәтерлері сатылып жатыр ма

Францияның Антиб мүйісіндегі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған пәтерлерге ұқсас элиталы баспана сатылымға шығарылды. Шетелдік жылжымайтын мүлік сайттарында Антиб мүйісіндегі Parc du Cap кешенінде орналасқан төрт пәтерді сату туралы хабарландыру пайда болды. Бұл туралы «Выход к морю» телеграм арнасы жазады.
Телеграм арнаның жауынша, нысандардың сипаттамасы бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға тиесілі апартаменттерге сәйкес келеді. Бұл мүліктердің жалпы құны шамамен 8,7 млн еуроға бағаланып отыр.
Сонымен қатар телеграм-арна бұл үйлер Сатыбалдыдан мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазады.
Алайда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» баспасөз қызметі бұл активтер олардың балансына өтпегенін, компания бұл пәтерлерді сатылымға шығармағанын мәлімдеді.
Пәтерлердің жай-күйі қандай
Әрқайсысында жеке жуынатын бөлмесі бар 3 жатын бөлме, қонақ бөлмесі, ас үй және балкон бар. Нысандар толық жиһаздалған және пайдалануға дайын.
Кешен күзет, жерасты тұрағым, тренажер залымен және бассейнмен жабдықталған.
Сатыбалдының мемлекетке қайтарған қандай мүлкі сатылып жатыр?
Қазақстанда қазір Сатыбалдыға тиесілі болған нысандарды сату процесі жүріп жатыр:
- Алматыдағы Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы. Оның бастапқы бағасы 62 млрд теңге деп белгіленген.
- «Байсат» базары. Базарды активтерді басқару компаниясы кемі 4 млрд теңгеге сатуға ниетті.
Тәркіленген мүліктің бір бөлігі, соның ішінде бірнеше бизнес-орталық пен аяқталмаған ғимараттар мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарының иелігініне өткізілді.
Ресми мәлімет бойынша, бүгінгі күнге дейін мемлекет бақылауына жалпы құны 732,8 млрд теңгенің активтері қайтарылған.