«Пейіш 2» фильмі алғашқы аптада жарты миллион касса жинады

Жарияланды 17 Ақпан 2026 11:03

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: aspanafilm

Қазақстан кинотеатрларында өткен аптада көрермендер ең көп таңдаған фильмдер тізімі жарияланды. Freedom Ticketon мәліметінше, 12–15 ақпан аралығында прокатта жүрген картиналар арасында «Пейіш 2: Анама хат» фильмі бірінші орынға шықты.

Аптаның кассалық көшбасшылары

  1. Пейіш 2: Анама хат – 548 191 228 теңге (1 апта)
    Фильм прокатқа жаңа шықса да, көрермен қызығушылығы жоғары болып, касса жинау бойынша бірінші орынға шықты.
  2. Ғашықпын саған – 335 206 950 теңге (2 апта)
    Өткен аптада көш бастап тұрған романтикалық драма екінші апта қатарынан жоғары табыс жинап, көрермен сұранысының әлі де жоғары екенін көрсетті.
  3. GOAT: Асқақ арман – 171 471 405 теңге (1 апта)
    Спорт тақырыбындағы мотивациялық мультфильм алғашқы аптасында-ақ үздік үштікке кірді.

Еске сала кетейік, өткен аптада ең көп касса жинаған фильмдер арасында «Ғашықпын саған» фильмі көш бастап тұрған еді.

Сондай-ақ оқыңыз