
Қайрат Нұртастың алғашқы хиттерінің бірі «Ол сен емес» әні жаңа нұсқада қайта жарық көрді. Ән енді осы аттас фильмнің ресми саундтрегі ретінде ұсынылып отыр.
Продюсер Гүлнар Мамасарипова хабарлағандай, фильмнің басты музыкалық тақырыбына айналған жаңа нұсқа тыңдаушыларға заманауи ырғақта ұсынылған. Әннің жаңартылған нұсқасы көрерменге бұрынғы таныс әуенді жаңа эмоциямен сезінуге мүмкіндік береді.
Саундтрек ресми түрде YouTube платформасында жарияланып, қысқа уақыт ішінде тыңдарман қызығушылығын тудырып үлгерді.
«Ол сен емес» фильмі 5 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Осылайша, бір кездері хитке айналған ән енді кино арқылы жаңа тыныс алып, жаңа буын көрерменге қайта жол тартты.