Қазақстан жарты миллионға жуық тұрмыстық техника шығарады

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан тұрмыстық техника өндірісін арттырмақ / Акорда, бильд-редактор: Дастан Шанай
Қазақстан тұрмыстық техника өндірісін арттырмақ / Акорда, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстан 2026 жылдың соңына дейін Samsung компаниясымен бірлесіп шамамен 440 мың дана тұрмыстық техника шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Samsung техникасын шығару желісі Silk Road Electronics зауытында іске қосылған. Кәсіпорын Қарағанды облысы аумағында орналасқан.

Теледидарлар мен кір жуғыш машиналарды өндіру бұл зауытта 2025 жылдың тамызында басталған. Бұған дейін Kursiv басылымына берген сұхбатында зауыт директоры Александр Критский 2024 жылы кәсіпорында 181 мың техника шығарылғанын, ал 2025 жылы өндіріс көлемін 423 мың данаға жеткізу жоспарланғанын айтқан. Өнімнің 3–5 пайызы экспортқа жөнелтілуі тиіс.

2028 жылға қарай зауыт жылына 1,1 млн техника шығаратын қуатқа жетуді көздейді. Қазір мұнда Samsung-пен бірге Artel және Shivaki брендтері де құрастырылады. Сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру нәтижесінде техника бағасын төмендету жоспарланған.

Зауыттар қалай тау-кен компанияларымен ынтымақтасып жатыр?

Министрдің айтуынша, қазақстандық өңдеу кәсіпорындары отандық шикізатты белсенді пайдаланып келеді. Мысалы, аккумулятор шығаратын «Қайнар» зауыты қорғасын шикізатын Қазмырыш компаниясынан алып, дайын өнімді ішкі және сыртқы нарыққа жөнелтеді.

Электротехникалық өнім өндірушілер Қазақмыс және Қазақстанның электролиз зауыты шығаратын металдарды қолданады. Ал Qarmet компаниясының металл өнімдері тұрмыстық техника шығаратын зауыттарға және вагон жасау кәсіпорындарына жеткізіледі.

Сонымен қатар, Qarmet өндірген болаттан автобус бөлшектерін QazTehna зауыты шығарады. Ал өндіріс көлемінің артуына заңнамалық деңгейде жасалған инвестициялық жеңілдіктер де ықпал еткен. Соның нәтижесінде Almaty turmystyq tehnika және Silk Road Electronics зауыттарында өндіріс қарқыны артқан.

Министрдің сөзінше, алдағы үш жылда Қазақстанда автокөлікке арналған пештер, кондиционерлер, тежегіш және отын жүйесіне қажетті бөлшектер мен басқа да компоненттер шығаратын жаңа өндірістер іске қосылады.

Сондай-ақ оқыңыз