Lifestyle

Сәресі мен ауызашарда дәрет алу міндетті ме

фото: ЖИ арқылы жасалды

Рамазан айында ауыз бекітетін жандар арасында сәресі мен ауызашар кезінде дәрет алу міндетті ме деген сұрақ жиі туындайды. Көпшілік ауыз бекіту алдында міндетті түрде дәрет алу керек деп ойлайды.

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы жауап берді.

Ұстаздың айтуынша, сәресі уақытында немесе ауызашарда дәрет алу шарт емес. Яғни, ауыз бекіту үшін адамның дәретті болуы міндеттелмейді. Дәретсіз күйде де ораза ұстауға болады.

Дегенмен, дәрет алып, тазалық сақтап, дұға жасап ауыз бекіту – мұсылман әдебіне сай құптарлық іс саналады. Бірақ бұл оразаның қабыл болуының міндетті шартына жатпайды. Сондықтан сәресіде немесе ауызашарда дәрет алмаған адамның оразасы бұзылды деп есептелмейді.

Ауызашар мен сәресіде оқылатын дұғаны мына жерден таба аласыз. Сондай-ақ Рамазан айындағы Тарауық намазы қалай оқылатыны туралы жазған едік.