
Қытайдың Гуанчжоу қаласында 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында ерекше шара өтеді. Бұл күндері қалада Шамдар фестивалі мен «Жібек жолы» халықаралық музыка фестивалі өтеді.
Фестивальде Қытай мен Қазақстанның ең жарқын жұлдыздары бір сахнада өнер көрсетеді. Қазақстандық әртістердің ішінде Дастан Оразбеков, Әли Оқапов, ULYTAU, ILIGAI, Kesh You, BALER, ALPHA, QANAI, YENLIK және ADEMI бар.
Айта кетейік, 17 ақпанда Қытайда жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті. Мереке екі аптаға дейін созылады.
Бұған дейін Жаңа жылдық концертте Жұбаныш Жексенұлы Джеки Чанмен бірге ән шырқағанын жазған едік.