Жаңалықтар

Жазда Шымкент – Баку бағытында тікелей рейс ашылады

Рейстер жазда іске қосылады/фото:shutterstock

Жазда Шымкенттен Әзербайжанға тікелей рейс іске қосылады. AZAL әуе компаниясының хабарлауынша, алғашқы рейс 16 маусымда орындалады. Билеттер қазірден сатылымға шыққан.

Рейстердің кестесі де бекітілген. 16-27 маусым аралығында аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері ұшуға болады. Ал 30 маусымнан бастап тағы бір рейс қосылады. Осылайша Бакудан Шымкентке сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал кері бағытта сәрсенбі, жұма және жексенбіде ұшу қарастырылған.

Айта кетейік, 2025 жылы әуе компаниясы Алматы, Астана және Ақтауға шамамен 850 тұрақты рейс орындаған.

Әуе билеттерін azal.az ресми сайтынан, мобильді қосымша арқылы, Azerbaijan Airlines әуе компаниясы кассаларынан сатып алуға болады.

Наурыз мерекесі қарсаңында Air Astana Алматыдан және Атыраудан Бакуге тікелей рейстерді қайта іске қосады

15 наурыздан бастап Алматы-Баку-Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ал сәуірден бастап аптасына үш, мамырдан бастап аптасына төрт рейс болады.