Жер сілкінісінен кейін алматылықтар үшін «сенім телефоны» ашылды
Жарияланды

Алматыда жер сілкінісіне байланысты психологтар көмегіне жүгінуге болатын «сенім телефоны» ашылды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тіркелген жер сілкінісіне байланысты ТЖМ психологтарының қатысуымен «сенім телефоны» ашылды», – делінген министрліктің ақпаратында.
Онда Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының нөмірі ( 8(7172) 704119) көрсетілген. Алматы облысы бойынша тұрғындар 8(727) 7226097 нөміріне хабарласа алады.
Айта кететін жайт, 17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де жер сілкінді. Алматы қаласының тұрғындарына сезіліп, көшеге шыға бастады. Дүмпу ошағы Есік қаласына жақын орналасқан. Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісі магнитудасын 5 балл деп бағалаған.