Миллиардерлер клубына 100 жастан асқан төрт адам кірді: ең кәрісі 104-те

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ЖИ көмегімен жасалған, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2026 жылы Forbes мәліметтері бойынша, әлемнің ең бай адамдарының жалпы байлығы шамамен 19 трлн АҚШ долларына жетті. Бұл капиталдың 76%-ы тек 10 ел мен аймақта шоғырланған. Ал ең бай Илон Масктың дәулеті бір трлн долларға жуықтап қалды.

Көшбасында:

  • Илон Маск – 849,3 млрд доллар, ең жақын қарсыласынан үш есе артық. Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы ең бай адам статусын әлі де сақтап келеді.
  • Ларри Пейдж (Google) – 251 млрд доллар
  • Сергей Брин (Google) – 231,7 млрд доллар
  • Марк Цукерберг (Meta) – 219,4 млрд доллар
  • Джефф Безос (Amazon) – 214,1 млрд доллар

Алғышқы топ-20 бай-бағландардың басым бөлігі, яғни 15 орын АҚШ азаматтарына тиесілі. Еуропадан Франция мен Испания, Азиядан Үндістан, Латин Америкасынан Мексика ғана бар.

Google, Meta, Amazon, Oracle, Microsoft, Dell және Nvidia негізін қалаушылар мен жетекшілері рейтингтің негізгі бөлігін құрайды.

Ең көп миллиардерлер АҚШ-та

Forbes деректері бойынша, әлемдегі миллиардерлердің басым бөлігі АҚШ-та шоғырланған. Америкалық 931 адамның жалпы байлығы 8,2 трлн долларға жетті. Бұл барлық миллиардерлердің шамамен 30%-ы және олардың жалпы байлығының 43%-нан асады.

Екінші орын: Қытай – 517 адам, жалпы капиталы 2,1 трлн доллар.
Үшінші орын: Үндістан – 212 адам, 979 млрд доллар.
Төртінші орын: Германия – 174 адам, 885,1 млрд доллар.

Топ-5 елді Ресей түйіндейді: 139 миллиардердің, жалпы байлығы 594,3 млрд долларға жуықтайды.

ТМД елдері:

  • Украина – 7 адам, 17,6 млрд доллар
  • Қазақстан – 6 адам, 34,5 млрд доллар
  • Армения – 1 адам, 1,2 млрд доллар

Айта кетейік, Қазақстандағы миллиардерлер саны аз болғанымен, олардың жалпы байлығы украиналық әріптестерінен шамамен екі есе артық.

Әлемдегі ең жас және ең кәрі миллиардерлер

2026 жылғы 15 ақпандағы Forbes мәліметі бойынша, әлемде 30 жасқа дейін 29 миллиардер бар. Ең жас миллиардер – 20 жасар германиялық азамат Йоханнес фон Баумбах. Оның байлығы 6,6 млрд АҚШ долларын құрайды Ал оның ағасы, 24 жасар Франц фон Баумбах та 6,6 млрд долларға бағаланады. Олар Хуберт фон Баумбахтың мұрагерлері.

Ең жас миллиардерлердің үздік үштігіне Италиядан Клементе дель Веккьо (7,1 млрд доллар) және Бразилиядан Ливия Фойгт де Ассис (1,4 млрд доллар) кірді. Көптеген жас миллиардерлер өз байлығын мұра ретінде алған, әсіресе еуропалықтар арасында. 30 жасқа дейінгі 29 миллиардердің 8-і АҚШ, 6-уы Германиядан.

Ал ең қарт миллиардерлер тізімінде 90 жастан асқандар бар. Дәулеті тасыған егде жастағылардың жалпы саны 109 адам, олардың 45-і АҚШ азаматы. Ең қарт миллиардер – 104 жасар америкалық Джордж Джозеф, байлығы 2,6 млрд доллар. Сонымен қатар, 102 жастағы Роберт Куок (14,1 млрд доллар), 100 жастағы Бернард Льюис (1,5 млрд доллар) және Стивен Ярисловски (1,8 млрд доллар) 100 жасқа толған.

Бұдан бөлек, 97 жастағы Гонконг азаматы Ли Ка-шинг (46,3 млрд доллар) – әлемдік рейтингте 37-орында тұр. 95 жастағы Уоррен Баффет (148,2 млрд доллар) – ұзақ өмір сүретін миллиардерлер арасында ең байы және 12-орынға жайғасқан.

Сондай-ақ оқыңыз