Әнші Мархаба Сәби ана атанбақ

Жарияланды 18 Ақпан 2026 08:26

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram: marhaba_sabi

Әнші Мархаба Сәби ана атанбақ. Қуанышты жаңалықты өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Мархаба желідегі оқырмандарына аяғы ауыр кезіндегі суреттерін жариялап, шығармашылықтан қол үзбегенін айтты. Жазбасында:

«Өнердің құдіреті-ай, қарным шартиып жүрсе де ән шығаруды тоқтата алмай жатырмын» деп бөліскен.

Сонымен қатар, Мархаба тыңдармандарына жаңа туындысын да ұсынды. «Мама болма алаң» атты жаңа әнін жариялап, бұл кезеңнің өміріндегі ерекше әрі шабытты сәт екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, былтыр ата-ана атанған жұлдыздар туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз