Lifestyle

Айтыскер ақындар Жүрсін Ерманға Toyota Camry 80 сыйлады

Жүрсін Ерман
Айтыскер ақындар Жүрсін Ерманға Toyota Camry 80 сыйлады / Фото: kursiv.media коллажы, бильд-редактор Ақниет Төленді

Айтыскер ақындар 75 жасқа толған «Қазақстанның халық жазушысы» атағының иегері, ақын Жүрсін Ерманға Toyota Camry 80 көлігін сыйлады. Бұл ақпаратпен желіде айтыскер ақын Аспанбек Шұғатай бөлісті.

Айтыскер ақынның парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, көлікті Жүрсін Ерманға Аспанбек Шұғатаймен қатар, мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайытов табыстаған.

Бүгін Алматыда Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойы аталып өтілу де. Осы шараға байланысты ақынға «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді. Республика сарайында ұйымдастырылған «Ұлытаудан Алатауға» атты концертте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатымен бірге марапатты Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Концерттен кейін ақынның отбасы мен шәкірттері үлкен той ұйымдастырып, мереке одан әрі жалғасты.