Lifestyle

Белгілі боксшы Жанқош Тұраров Назарбаевтың жиенімен «сана биігінде» жолықты

фото: instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желідегі парақшасында рухани даму тақырыбында жазба жариялап, Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұралы Әлиевпен тәжірибе алмасып жүргенін айтты.

Спортшы өз жазбасында:

«Сана биігінде өсу мен жан деңгейінде сырласып, сұхбаттасудың жөні бөлек. Нұрекең екеумізді байланыстыратын үлкен трансформациялық ортақ тәжірибеміз бар. Рухани өсу – нағыз жетістік екенін түсініп келем, Альхамдулиллях», – деп жазды Тұраров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұралы Әлиевтің рухани ағартушылық бағытқа бет бұрғаны туралы жазған едік. Дариға Назарбаеваның ұлы қазіргі уақытта психология, рухани даму және сананы кеңейту тақырыптарында дәрістер өткізіп жүр.