Ерболат Құдайберген 15 күн дәрігерлер бақылауында болады

Әнші Ерболат Құдайберген 15 күн медициналық қызметкерлер бақылауында болады. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, тұрғындардың бірінен көршісінің агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған учаскелік полиция азамат өзін-өзі бақылай алмайтын күйде жүргенін көрген. Ол тұрғындардың тыныштығына қауіп төндіргенін тіркеген.
«Азамат медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді. Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге мамандардың бақылауына орналастырылды», – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар полиция әншіні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығын бұзу, тіркеусіз тұру және қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу деректері бойынша шаралар қабылданды.
Ерболат Құдайберген бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде әншінің наркологиялық орталық алдында тұрған видео тарады.