
Украина Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы санкциялар пакетін енгізді. Зеленский серіктестерінің қолдауына арқа сүйемек.
Униан ақпаратына қарағанда, бұл шешім Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің ұсынысы бойынша қабылданып отыр.
«2025 жылы Беларусь аумағында ресейліктер соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) басқаруға арналған ретрансляторлар жүйесін орналастырды. Бұл РФ армиясының Киев облысынан Волыньға дейінгі солтүстік өңірлерге соққы жасау мүмкіндігін арттырды. Оның айтуынша, энергетикалық нысандар мен теміржолға жасалған кейбір шабуылдарды Беларусьтің көмегінсіз Ресей жүзеге асыра алмас еді», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.
Сондай-ақ ол Беларусь аумағында орта қашықтықтағы «Орешник» зымырандарын орналастыруға арналған инфрақұрылымды дамыту жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл тек украиндар үшін ғана емес, бүкіл еуропалықтар үшін де қауіп төндіреді.
Жалпы, Лукашенкоға қатысты 17 түрлі шара енгізілген. Енді Украина аумағындағы оның активтерді бұғатталады. Елге кіруге тыйым салынады.
Айта кететін жайт, Лукашенко Қазақстанда өндіріс ашуды ұсынған болатын.