Михаил Шайдоров Snoop Dogg-пен кездесті

Жарияланды 18 Ақпан 2026 22:33

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Михаил Шайдоров Snoop Dogg-пен кездесті / Фото: Олимпида комитетінің видеосынан скриншот

Милан төрінде танымал американдық рэпер Snoop Dogg-пен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров кездесті.

Кездесудің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеода Snoop Dogg пен Шайдоров амандасып, қол алысады. Фото және видеоға түседі. Және біраз тілдесіп, би билейді. Кездесу Милан соборының алдында болған.

Шайдоров ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарының алтын ұтып алды. Бұл жеңіс қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы Қазақстанның екінші алтын медалі және мәнерлеп сырғанаудағы бірінші алтын медалі болды. 1994 жылы Қысқы Олимпиада алғашқы алтын марапатты шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.

Бұған дейін Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның үздік нәтижесі 2014 жылы Денис Тен жеңіп алған қола медаль болды.

Естеріңізге сала кетейік, Snoop Dogg 2024 жылғы Париж Олимпиадасының алау ұстаушысы болған. Шоу-бизнес жұлдызына Париждің Сен-Денис маңында олимпиадалық алауды алып жүру сеніп тапсырылған.

Сондай-ақ оқыңыз