
Apple компаниясы жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаңа киілетін құрылғылардың әзірлемесін жеделдетті. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, компания 2026-2027 жылдары нарыққа үш бірдей инновациялық өнім шығаруды жоспарлап отыр.
AirPods пен ақылды алқа
2026 жылдың соңына қарай Apple компаниясы екі бірдей құрылғыны таныстыруға дайындалып жатыр. Олардың басты ерекшелігі – қоршаған ортаны көру және тану қабілеті.
Камерасы бар AirPods төмен ажыратымдылықтағы камералармен жабдықталады. Олар фото түсіру үшін емес, жасанды интеллектінің айналаны көруі үшін қажет. Осы арқылы Siri сіздің қайда тұрғаныңызды немесе алдыңызда не тұрғанын түсініп, кеңес бере алады.
AI-алқа (Pendant) – Apple-дің жаңа форматтағы аксессуары. Ол киімге тағылады немесе мойынға ілінеді. Кулон iPhone-ға қосылып, Siri үшін «көз бен құлақ» қызметін атқарады.
Құрылғы пайдаланушының күндізгі әрекеттерін бақылап, маңызды ақпараттарды еске салып отыруға арналған.
Келер жылдың жоспары: Ақылды көзілдірік
2027 жылы Apple компаниясы өзінің алғашқы ақылды көзілдірігін (Smart Glasses) сатылымға шығаруды көздеп отыр. Бұл құрылғы Meta-ның Ray-Ban көзілдірігіне тікелей бәсекелес болады.

Бұл Vision Pro сияқты ауыр шлем емес, күнделікті тағып жүруге ыңғайлы жеңіл көзілдірік болмақ.
Көзілдірікте экран болмайды. Оның орнына камера, микрофон мен динамиктер орнатылады.
Пайдаланушы көзілдірік арқылы музыка тыңдай алады, қоңырауларға жауап береді және жасанды интеллектен алдындағы заттар туралы сұрап, лезде жауап ала алады.
Бұл құрылғылардың мақсаты не?
Apple-дің жаңа стратегиясы – жасанды интеллектіні пайдаланушының күнделікті өміріне барынша жақындату. Бұл гаджеттер смартфонға тәуелділікті азайтуға көмектеседі.
Олар камера арқылы әлемді «көре» алатындықтан, Siri жай ғана дауыстық көмекші емес, нақты уақытта кеңес беретін ақылды серікке айналуы тиіс.
Counterpoint Research сарапшыларының дерегі бойынша, көшбасында әдеттегідей – Apple тұр. Статистикалық мәліметке сүйнсек, әлемдегі әрбір төртінші смартфон – iPhone-ға тиесілі.