Жаңалықтар

Қазақстанда зейнеткерлер орта есеппен 157 мың теңге зейнетақы алады

Все пенсионеры Бурабая разово получат 11 тысяч тенге
Зейнетақы көлемі 10%-ға артты / Фото: kursiv.media архиві

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бастап елімізде зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10%-ға артты. Осы кезең ішінде республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге жалпы 395,2 млн теңге бөлінді.

Бұл қаражаттың 263,9 млн теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге бағытталса, қалған 131,3 млн теңгесі базалық зейнетақы үлесіне тиесілі болды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлердің жалпы саны 2 млн 538 мың адамға жетті. Осыған байланысты жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрап отыр.

Бұл көрсеткіштің ішінде ынтымақты бөлігінің орташа сомасы 103 931 теңге болса, базалық зейнетақының орташа мөлшері 53 912 теңгеге тең.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр азаматтың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты есептеледі.

Осыған орай, еңбек өтіліне қарай базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгеден басталып, ең жоғарғы көрсеткіші 60 005 теңге аралығында төленеді.

Бұған дейін ай сайын 500 мың теңге зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек екені жазылған.