
Қазақстандық видеограф Дастан Мұхамедрахим әлемнің үздік саяхатшы блогері атанды.
Айтуынша, Cannas WIBA Awards 2026 марапаттау кешіне шақырту алған. Ол жерде Дастанның әлем бойынша үздік travel blogger атанғаны көрсетілген.
«Францияда Канн кинофестивалімен қатар өтетін WIBA Awards деген жерге мені шақырып жатыр. Белгілі бір саладағы үздіктерді марапаттайды екен», – дейді Дастан.
Ол өзінің 22 мамырда Францияға баратынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Мұхамедрахим түсірген видео Instagram желісінің ресми парақшасында жарияланды.
Бұл видео қазірге дейін парақшада 113 миллион қаралым жинаған.
Одан бөлек Дастан Мұхамедрахим Дубайда өткен халықаралық іс-шаралардың бірінде актер Уилл Смитпен кездесіп, оған қазақтың шапанын сыйға тартты.