Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев АҚШ-қа барады/фото: shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады.

Ақорданың хабарлауынша, 18-19 ақпанда Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.

«Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Вашингтонға жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 35 жыл болады. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтың сөзінше, қазір екіжақты байланыс бұрынғыдан да күшейе түскен. Бұған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың бір-бірін танитыны және тұрақты байланыста екені де әсер еткен.

Сондай-ақ оқыңыз