Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атағын иемденді

Жарияланды 18 Ақпан 2026 20:48

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атағын иемденді / Фото: Instagram / Zhursin_erman

Белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман «Қазақстанның халық жазушысы» атағын иемденді. Бүгін Алматыда ақынның 75 жас мерейтойына байланысты үлкен концерт ұйымдастырылған.

«Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері Жүрсін Ерман «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын иеленді», – деп хабарлады Қазақстан Жазушылар Одағы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатымен бірге марапатты ақынға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Бұл сыйлық Қазақстанда Кеңес одағының кезінде табысталып, кейіннен күшін жойған. 2023 жылы президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы ұсынысымен марапатты табыстау қайтадан жанданды.

Осыған дейін бұл атақты Төлен Әбдік (2023), Смағұл Елубай (2023), Бексұлтан Нұржекеұлы (2023), Софы Сматаев (2023), Ахметжан Аширов (2023), Любовь Шашкова (2023), Темірхан Медетбек (2024), Валерий Михайлов (2024), Исраил Сапарбай (2024), Марфуға Айтхожина (2025), Ғаббас Қабышов (2025) алған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Жүрсін Ерманның 75 жасқа толған мерейтойына айтыс ақындар Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов мен Сырым Әуезхан арнайы іздеп барып, шапан жапқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз