15 наурыз жаңа Конституция күні болуы мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
SMM бөлімінің редакторы
Конституция
фото: gov.kz

Егер жаңа Конституция жобасы қабылданса, онда Ата заң күні де өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«Конституцияны мұқият оқыған болсаңыздар Конституция қабылдаған күні біздің елімізде мереке ретінде тойланатыны айтылған. Сондықтан егер Конституция қабылданып жатса, мерекеміздің де күні өзгеретін болады», – деді ол журналистер сұрағына.

Әшімбаевтың сөзінше, 15 наурызды жаңа Конституция күні деп атап өтуіміз мүмкін.

«Азаматтарымыз қалай шешеді, соған орай шешім қабылданады. Егер қолдау білдірсе, бізде жаңа Конституция және жаңа Конституция күні болады. Иә, 15-і күні. Барлығымызға Конституцияның жобасын мұқият оқу керек, оның ішінде журналистерге де. Меніңше, ол жерде барлық сұраққа жауап берілген», – деді Сенат спикері тілшілерге.

Қазір қазақ халқы 30 тамызды Конституция күні ретінде атап өтеді. Мемлекеттік мереке ретінде бұл күні демалыс беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз