Жаңалықтар

5,7 балл: қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

жер сілкінісі жер сілкінді жерасты дүмпуі
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы тауларда жиі жер сілкінеді / фото: shutterstock

19 ақпанда Астана уақытымен сағат 14:09-да Қазақстан мен Қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Ұлттық орталық дүмпу магнитудасын 5,7 балл деп бағалады.

Жерасты дүмпу ошағы Алматы облысының Нарынқол, Текес, Сүмбе, Сарыжаз және Қарасаз ауылдарына жақын орналасқан. Мәселен, Нарынқолға дейін – бар болғаны 45-50 шақырым. Алматы қаласына дейін – шамамен 300 шақырым.

жер сілкінген орын картасы
Думпу ошағы Нарынқолға жақын маңда, тауда орналасқан / фото: Google map

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда түстен кейін Алматы облысында жер сілкінген.  5 балдық дүмпуді Алматы қаласының тұрғындары да сезген. Жер сілкінісінің ошағы Есік қаласына жақын орналасқан. Содан бір күн бұрын – 16 ақпанда қазақ-қытай шекарасына жақын маңда 5,3 балдық жер сілкінісі болған.