Жаңалықтар

Әшімбаев Құрылтай жұмысын бастайтын мерзімді атады

Мәулен Әшімбаев шетелдік банктердің елімізге келуне қолдау білдірді / фото: senate.parlam.kz
Фото: senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай қашан жұмыс бастайтынын айтты.

Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Мәулен Әшімбаев сенаттың құзіреті мен қызметі тоқтатылған соң екі айдың ішінде сайлау өтетінін атап өтті. Сөзінше, бұл шаруалардың бәрі 1 қыркүйекте бітеді.

«1 қыркүйекте жаңа парламент – Құрылтай жұмысын бастап кетуі тиіс. Яғни, 1 қыркүйекте жаңа адамдар келеді. Соларға сұрақ қойып, қандай заңдарды қабылдайтынын сұрай аласыздар. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс берсе, біз 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз (сенатты айтып тұр)», – деді Әшімбаев.

Журналистер Сенатта қызмет ететін қызметкерлердің тиісті ақысы беріле ме деп сұраған. Әшімбаев сенат заңдарға сай таратылатынын, барлық мәселе жұмыс бабымен шешілетінін мәлім етті.