Арман Дүйсеновтің жары сот шешімімен үйін қайтарып алды

Жарияланды 19 Ақпан 2026 19:55

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Арман Дүйсеновтің әйелі
Арман Дүйсеновтің жары сот шешімімен үйін қайтарып алды / фото: скрин

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы сот шешімімен өз үйінің иесі болып, баспанасын қайтарып алды. Қуанышты жаңалықпен журналист Руслан Өтепбай бөлісті.

«Ардақты ағайын, сүйінші. Арман Дүйсеновтің келіншегі Айсұлу ханым соттың шешімімен үйін қайтарып алды. Қолдау көрсеткен барша қазақ еліне Айсұлу ханым алғысын білдіруде», – делінген журналистің жазбасында.

Айсұлу Айданқызы қолдау білдірген қазақстандықтарға, дос-жарандарына алғыс айтып, көңілі босап, өзі қазір тұрып жатқан баспанасы өзінің атында қалғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу тұрып жатқан жалғыз пәтерін сот арқылы жоғалтып алу қаупі бар екенін хабарлаған еді

Арман Дүйсенов 2023 жылы қайтыс болды. Көп ұзамай 2024 жылы ұлы Абылай Дүйсен де өмірден өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз