
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 18 ақпанда Нью-Делиде Үндістан басшысы Нарендра Модимен келіссөз жүргізді. Үндістандық премьер осы кездесу туралы жазбасын X әлеуметтік желісінде қазақ тілінде жариялады. Ол бірден трендке айналып үлгерді.
Үндістан сирек кездесетін металдарға қызығады
Hyderabad House қонақүйінде өткен келіссөз барысында Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланды.
«Бүгін ертерек Премьер-министр Олжас Бектенов мырзамен кездестім. Оның сапары Үндістан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдете түседі», – деп жазды Моди қазақ тілінде.
Оның айтуынша, екі ел сауда, энергетика, маңызды минералдар, сирек кездесетін металдар, қорғаныс, көлік-логистика байланысы және ғарыш салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыта алады.
«Достығымызды жаңа белестерге көтеру үшін бірлесіп жұмыс істей береміз», – деп түйіндеді үндістандық премьер.
Бір қызығы, 1,47 млрд халқы бар Үндістан азаматтары да Моди бастамасын қолдап, желіде жаппай қазақша жаза бастады. Премьердің шағын мәлімдемесін 642 мың адам көріп үлгерген.
Қазақстан сауданы арттыруды көздейді
Қазақ үкіметінің мәліметінше, 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 923,3 млн доллар болды. -ды құрады.
«Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауарлық позиция бойынша 150 млн долларға өнім жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын», – деп таратты үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжес Бектенов Үндістанға India AI Impact Summit 2026 форумына қатысуға барды. Оған әлемнің елуден астам елінен, соның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, сонымен бірге IT саласындағы сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері жиналды.