Lifestyle

Блогер Айжан Байзақова қызды болды

Айжан Байзакова стала мамой в третий раз
Фото: instagram.com/bayzakova, бильд-редактор: Дастан Шанай

Танымал блогер Айжан Байзақова қуанышты жаңалығын айтты. Әлеуметтік желідегі парақшасында қызды болғанын хабарлады.

«Қош келдің, қызым, біздің отбасымызға! Мен сені көптен армандадым. Әкеңді де құттықтаймын @arystan_nurbek. Босануымыз қалай өткенін бірнеше сағаттан кейін айтып беремін. Әзірге құттықтаулар қабылдаймыз. Біраз уақытқа жоғалып кеткенім рас, уайымдағандарыңызды білемін», – деп жазды Байзақова.

Желі қолданушылары жас ананы жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды. Көпшілік Айжанға денсаулық, сәбиіне амандық тілеп жатыр.

Айта кетейік, блогер соңғы күндері әлеуметтік желіде белсенді болмаған еді. Енді белгілі болғандай, ол осы ерекше сәтке дайындалып жүрген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсын қызды болған еді.