
Ұлыбританияда король Карл III-нің інісі Эндрю Маунтбеттен-Виндзор қамауға алынды.
Ол бұған дейін Джеффри Эпштейнмен байланысы үшін барлық титулдарынан айырылған болатын.
BBC ақпаратына қарағанда, полиция оны қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған.
Ұлыбритания полициясы қамауға алу туралы мәлімдеме таратты. Онда күдіктінің аты-жөні, әдеттегідей, аталмайды.
«Тергеу аясында бүгін [19 ақпан – ред.] Норфолктан шамамен алпыс жастағы ер адам қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды. Сонымен қатар Беркшир мен Норфолк мекенжайлары бойынша тінту жүргізілуде. Қазіргі уақытта ол қамауда», – делінген полиция хабарламасында.
Осы аптада британ полициясы бұрынғы ханзада Джеффри Эпштейнге құпия материалдар бергені туралы шағымды қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Мұның алдында ханзада Эндрю Royal Lodge резиденциясынан көшіп кеткен еді.