«Медальдан маңызды дүние бар»: Абзал Әжіғалиевтің әйелі мәлімдеме жасады

Қазақ шорт-трекшісі Абзал Әжіғалиевтің әйелі Дильназ Әжіғалиева Милан-Кортинадағы қысқы Олимпиада-2026 кезінде күйеуінің ширек финалдағы өкінішті сәтінен кейін мәлімдеме жасады.
Threads әлеуметтік желідегі жазбасында спортшының жетістігінен гөрі адамдық құндылықтарға, денсаулығы мен отбасылық қолдауға басымдық берді.
«Сіздер шорт-трекшілерден медаль күттіңіздер. Ал мен жолдасымның аман-есен елге оралуын тіледім. Әрине, медаль деген жақсы ғой. Бірақ жат елде жанын салып, үнсіз ауыр сөздерді көтеріп, төрт Олимпиаданың жүгін арқалап жүрген адамның амандығы мен үшін бәрінен маңызды. Мен Алладан ең бірінші медаль емес, күйеуімнің саулығын тіледім. Сен бүгін алтын алмасаң да, сенің бұл спортқа, елге сіңірген еңбегің алтыннан да қымбат. Елің мен тілің деп соққан жүрегіңнің биіктігі Олимп шыңынан да жоғары.»
Абзалдың ширек финалда өз тобында екінші орында келе жатқан, бірақ соңғы айналымда итальяндық қарсыласымен соқтығысып, құлап, жартылай финалға өте алмады.
Дегенмен алдыңғы кезеңде Абзалдың жеңіске жеткен сәті, желіде 4 млн астам қаралым жинаған еді.