
Миллионер Кеңес Рақышев өзінің Fincraft Group компаниясынан тағы да дивиденд алмайды. Акционерлердің жалпы жиынында бекітілген бұл қадамды акционер жеке өзі мақұлдаған.
Компанияның есептілігіне сәйкес, 2024 жылғы таза табыс көлемі 37,5 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ Рақышев 2024-2025 жылдары да өзіне тиесілі табысын алудан бас тартқан болатын.
Forbes рейтингі бойынша Рақышев Қазақстандағы ең дәулетті адамдардың тізімінде 23-орында тұр. Оның байлығы 435 млн долларға бағаланады. Ол Fincraft Group арқылы «БТА» АҚ мен Fincraft Resources компанияларын басқарады.
Сондай-ақ Equus Petroleum, Tethys Petroleum, Beineu Petroleum мұнай–газ компанияларында үлесі бар.
Кәсіпкер Шухрат Ибрагимовпен бірге «Шұбаркөл Премиум» көмір компаниясына теңдей иелік еткен. Жақында Рақышев бұл компания акционерлері қатарынан шықты.