
Айналымнан шыққан, ескі қағаз ақшаны базар мен дүкенде алмаса, екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банктің бөлімшелеріне әкеп өткізуге болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.
«Қолданыстағы құқықтық-актілерге сәйкес, айналымнан шыққан ақшасы екінші деңгейдә банктер, болмасы Ұлттық банктің филиалдарына өткізуге болады. Ұлтты банк купюраның қашан шығарылғанына қарамастан, қабылдайды» ,- деді ол.
Шолпанқұловтың айтуынша, банктер де, ҰБ да кез келген номиналдағы ескі ақшаны қабылдайды.
25 желтоқсаннан бастап Қазақстанда номиналы 500 теңгелік банкноттарды кезең-кезеңімен айналымға енгізу басталған.